Нұр-Сұлтанда сотталушы ұжымның қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі бойынша үкім жария етілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат таратты.
30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотымен Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне қатысты сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны жайында үкім жарияланды, - дедіҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.Құзырлы ведомство оның Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылғанын хабарлады. 2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді.