Желіде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқандығы туралы ақпарат таратылып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды StopFake.kz порталы. Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Қостанайда ресейлік әскери техника жүргені туралы хабар тараған. Қорғаныс министрлігі Желіде жарияланған бейнежазбада Байқоңырдың іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің Ресейдегі тұрақты орналасу пункттеріне кеткені көрсетілгенін атап өтті.
"Бөлімше Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздеу мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанда болды", - делінген ведомство хабарламасында.Еске салайық, бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды, сондай-ақ «Союз МС–19» кемесі қонған болатын.