"СолҚазЭнерго" АҚ бас директоры ұсталды
"СолҚазЭнерго" АҚ бас директоры ұсталды
Сурет: Петропавловск News
134
оқылды
1 сәуірде "СолҚазЭнерго" АҚ бас директоры ұсталды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"1 сәуірде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес "СолҚазЭнерго" АҚ бас директоры ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігі, прокуратура және СҚО ПД басшылығының бақылауында", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш құбырдың бірі құлаған болатын. 22 наурызда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ЖЭО-2-дегі апаттан кейін құқық қорғау органдары ҚР ҚК-ның 254-бабы "Мiндеттерiне адал қарамау" бойынша қылмыстық істі тергеуге кіріскен.