Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов көпбалалы отбасыға су басқан үйдің орнына баспана беруді тапсырды. Павлодар ауданы әкімінің шешімімен Рождественка ауылында ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыстық ТЖД басшысы Жасұлан Жұмашев өңір басшысына үйлерді су басу қаупін жою жөніндегі алдын алу шаралары туралы баяндады.
"Суды бұру мақсатында каналдар қазу оң нәтиже берді. Қазір еріген су арналар арқылы ауыл сыртына ағып кетті. Құтқарушылар ойпатты жерлердегі суды сору жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деді Жасұлан Жұмашев.
"Сіздердің үйлеріңіз апатты деп танылды, мұнда ары қарай тұру қауіпті. Сіздерге барлық қажетті материалдық көмек көрсетіледі", - деді Әбілқайыр Сқақов отағасы Анатолий Остапенкоға.Көп балалы ата-ана Анатолий мен Анастасия Остапенко төрт бала тәрбиелеп отыр, олардың екеуі - мектеп оқушылары.
- Ауылда алты жүзге жуық үй бар, - деді қала басшысы. - Таяудағы екі жыл ішінде осы жерден Ломов және Камзин көшелеріне дейін магистраль тартуды жоспарлап отырмыз.Екінші Павлодарда облыс әкімі көшелерді асфальттау бойынша жоспарлары туралы сұрады. Асаин Байханов өткен жылы жеті көшеге асфальт төселгенін хабарлап, биыл қалалық ТҮКШ бөлімі тағы 14 көшеге асфальт төсейтінін айтты.