Су шайып кететіндей жолды қалай салған?

Су шайып кететіндей жолды қалай салған?

Атырау облысы ТЖД хабарлауынша, 1 сәуірде сағат 17.30-дан бастап, Ақтөбе облысы аумағында А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автожолының 246-330 шақырымы аралығында "судың шаюына байланысты" жол қозғалысына уақытша шектеулер қойылды. Сағат 18.00-ден бастап ол жерде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы. 

"2 сәуір сағат 00.50-ден бастап "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ хабарлауынша, негізгі жолдың уақытша қалпына келтірілуіне байланысты "Сағыз ауылы-Ақтөбе облысының шекарасы" А-27 Республикалық маңызы бар автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін 337-330 шақырымында қозғалыс ашылды", - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.