Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 7:22-де Жедел басқару орталығының «102» арнасына Қабанбай батыр даңғылында ер адамның көпірден төмен секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түскен. Елордалық полицейлер оқиға орнына дереу жеткен. Полиция қызметкерлері аталған азаматты сөзге тартпақ болғанымен ол барынша қарсылық көрсетіп, мүлдем мәмілеге келмеген. Содан кейін полиция аға лейтенанты Қайрат Құснеденов ер адамды қатты ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарған.