Семейде екі қыз мұз астына құлап кетті
Семейде екі қыз мұз астына құлап кетті
445
оқылды

Ертіс бойында суретке түспек болған екі қыз мұз астына құлап кетіп, біреуі көз жұмды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 16:33-те Восточный кентінде болған. Суретке түспек болып Ертіс өзеніне барған 23 және 24 жастағы екі қыз мұз астына құлап кетті.
«Жақын жерде болған Әли Тораев көмекке келіп, 1998 жылы туған қызын құтқарып үлгерді. Алайда ер адам екінші туысқан қызға көмек қолын созып үлгермеген. Құтқарушылар судан оның денесін алып шықты», - делінген ақпаратта.