Батыс Қазақстан облысында тағы бір республикалық маңызы бар жолды су басып қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабынан мәліметінше, оқиға 3 сәуір күні кешкісін Теректі ауданында болған.
«Тасқын су республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров жолының 11-шақырымында жол төсемінен (ені 60 метр, тереңдігі 5-10 см) асты. Осы тұста темірбетон құбыр болғанымен, ол еріген қар суын өткізуге үлгере алмауда. «ҚазАвтоЖол» ЖШС күшімен (12 қызметкер, 3 техника) жол шеті инертті материалдар, құм салынған қаптармен (700 дана) бекітілуде. Жол қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Кезекшілік ұйымдастырылды», деп хабарлады ведомстводан.