«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық көмек туралы есебін жариялады. Қордан қайғылы қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге жалпы сомасы 495 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Оның ішінде:
- қаза тапқан әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына – 133 млн теңге.
- ауыр жарақат алған әскери қызметкерлерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 318 млн теңге.
- қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына – 35 млн теңге.
- қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасыларына – 9 млн теңге.