«Трамадол, топикамид» – Атыраудағы дүкендердің бірінде психотропты заттар еркін сатылған
Атыраудағы дүкендердің бірінде психотропты дәрі сатқан әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде психотропты дәрі сатумен айналысқан 38 жастағы әйелді анықтап, ұстады.
Одан 29 дана трамадол және 11 дана топикамид тәркіленіп алынған. Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілінің айтуынша, ұсталған әйел адам қаңтар айында да дәл осындай құқық бұзушылыққа жол беріп психотропты дәрілерді саудалағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты іс-құжаттар жинақталуда.