Геннадий Головкиннің 9 сәуірде өтетін жекпе-жегін қайдан тамашалауға болады?
Геннадий Головкиннің 9 сәуірде өтетін жекпе-жегін қайдан тамашалауға болады?
Фото: dazn.com
225
оқылды
Геннадий Головкин 9 сәуірде Жапонияда жекпе-жек өткізеді.   Геннадий Головкиннің Риота Муратамен жекпе-жегін Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратамен кәсіпқой рингте 44-рет жекпе-жек өткізеді. Головкиннің IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Жекпе-жекті Qazaqstan мен Qazsport телеарналары тікелей эфирден Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ден бастап көрсетеді. Осыған дейін Геннадий Головкин Муратамен айқас үшін қанша гонорар алатыны белгілі болған еді.