Ағасынан кек алу үшін қорадағы ешкісін сойып тастаған
Ағасынан кек алу үшін қорадағы ешкісін сойып тастаған
©egemen.kz
209
оқылды
Атырау облысында ауыл тұрғыны кек алу үшін ағасының үйінен ешкісін ұрлап, сойып алған. Қазір ер адам сотталды. Қызылқоға аудандық сотының материалдарына сәйкес, аудан тұрғыны мас күйде ағасының үйіне барған, жеңгесімен ұрсысып қалған. Содан әйел оны үйден қуып шыққан. Соған ашуланған ер адам кек қайтармақ болып, қорадан ешкіні ұрлап, сойып алған. Келтірілген шығын 10 мың теңгеге бағаланып отыр. Сотта ауыл тұрғыны кінәсін мойындап, туыстары оның жазасын жеңілдетуді сұрады. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша қаралды. Сот хаттамаларына сәйкес, ер адам кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.