Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, солтүстігі мен шығысында – 25 м/с. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады. Күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан, ал түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Қостанай облысының шығысында тұман болады. Түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігі, батысы, оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Оңтүстіктен солтүстікке екпіні 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Нұр-Сұлтанда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз оңтүстік-шығысында 23 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Кешке қарай Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.