Қостанай облысында екі аптадан бері жас жігіт іздестіріліп жатыр
Қостанай облысында екі аптадан бері жас жігіт іздестіріліп жатыр
Қостанай облысында жас жігіт екі аптадан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Алау" порталы. Іздестіру жұмыстары туралы ақпаратты "Дос" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері Instagram-парақшасында таратты. Полицейлер мәліметінше, 2000 жылы туған Жарлығасынов Мейірбек Мейрамбекұлы 17 наурызда сағат 16.00 шамасында жоғалып кеткен. Үстінде қара күрте, көк қалпақ және қара туфли болған.  width=