Жыл басындағы келеңсіз оқиға кезінде ұрланған мүліктер біртіндеп табылып жатыр. Қазір 318 миллион теңге тұратын ұрланған мүлік қайтарылып, қылмыскерлерден тәркіленген. Бұл жайында ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеп отыр. Ол тұрғындардан және кәсіпкерлік субъектілерден ұрланған мүлікті табу және қайтару бойынша жұмыстар әлі күнге дейін жалғасып жатқанын айтты. «Бүгінде 318 миллион теңге тұратын ұрланған мүлік тәркіленді. Оның ішінде 12 автокөлік, тұрмыстық техниканың 319 данасы, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, 546 киім, 16 миллион теңге бар», – деді ол.