Кездесулер қайта жанданды
Кездесулер қайта жанданды
161
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пар­тияның қоғамдық қабыл­даулар қызметін жандан­дыру бойынша тапсырмасы гаджет­тер мен техникалық қосылу­лар­ды айналып өтіп, кез кел­ген адам партиялас­тармен өз проблемалары мен ұсыныс­та­рын бетпе-бет талқылай ала­тын әдеттегі қабылдау форма­тының қайта жандануымен сәтті сәйкес келді. Осылайша, азаматтарды ал­ғашқы қабылдау «AMANAT» пар­тиясының Алматы қалалық фи­лиалының атқарушы хатшысы қызметінде Мейіржан Отыншиев үшін барынша мазмұнды және нәтижелі болды. «Партияның кезектен тыс съезі кезінде оның басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам­дық қабыл­даулардың ерекшелі­гін шағымдар­ды ғана емес, сонымен қатар ел мен қоғамды одан әрі да­­мыту жөніндегі нақты идеялар­ды қабылдау пункті ре­тінде атап өтті. Бүгінде алматы­лықтардың осын­дай бастама­ларға өтініш білдіріп, асыққаны қуан­тады. Олардың ішінде: IT әзірлеуші Данияр Әбішев, «Ақбастау – ұлттық тәр­бие» бағ­дарламасының авторы Мұхит Асанұлы, Алма­тыда инно­ва­циялық технопарк ашу туралы ұсыныспен келген қоғам қайрат­кері Жұмабай Ділдаманов және тағы басқасы бар», – дей келе Мейіржан Отын­шиев азамат­тарды қабылдау нә­тижелерімен бөлісті. Қабылдау барысында қалалық филиал басшылығы «Тау көктем» ТК үлескерлерінің проблемалық мәселелерін, Алматы қаласының құқық қорғау органдарына ша­ғымын, «Алматыэлектротранс» ЖШС жалақы мөлшерін зерде­леп, назарға алды. Бостандық ауданын­да заңсыз құрылған ОСИ іс-әре­кетіне және Алатау ауда­нының «Шапағат» шағынауда­нындағы арық жүйесін абат­тандыру қажет­тілігіне қатысты өтініштер қа­ралды. Естеріңізге сала кетсек, «AMANAT» партиясының қо­ғам­­дық қабылдаулары Алма­тының әр ауданында орналасқан және әлеуметтік мәртебесі мен партияға қатыстылығына қара­мас­тан бар­лық азаматты қабыл­дайды.

Әбілмансұр ЖАСАН