Таеквондошы топ жарды

Таеквондошы топ жарды

Қазақстандық таеквондошы Әділет Базарбаев халықаралық Spanish Open G2 турнирінде күміс жүлде алды. Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан рейтингілік турнир мәресіне жетті. Аталған аламанда 63 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Әділет Базарбаев күміс медальға қол жеткізді. Алматылық таеквондошы алғашқы кездесуінде Рио-де-Жанейро олимпиадасының жүлдегері таиландтық Тавин Ханпрабтан басым түссе, жартылай финал жолдамасы үшін таласта Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы түркиялық Хакан Рекберді ұтты. Осы медальдің арқасында Базарбаев 12 ұпай еншілеп, халықаралық рейтингтегі орнын жаңартты. Естеріңізге сала кетейік, бұл додаға еліміздің атынан Ә.Базарбаевтан бөлек тағы бес спортшы қатысты.

К.ЕСІМХАН