Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу қойылуы мүмкін, – деп хабарлайды КТК арнасы. Осыған дейін мәжілісмендер де шетелге сатылып жатқан астықты тоқтату керек деген пікір айтқан. Себебі, елдегі ұн өндірісі тұралады. Алайда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев астық өндірушілер бағаның көтерілгенін күтіп, әдейі сатылымға шығармай отырғанын айтты. Азық-түлік корпарациясында 800 мың тонна астық сақтаулы тұр.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев: «Астық өндірушілер бағаның көтерілгенін күтіп ұн таратушыларға сатқысы келмей отыр. Бұл – уақытша теңсіздік. Бұл елде астық жоқ, бидай жоқ деген сөз емес. Бізде ішкі нарық үшін де, өзіміз тұтыну үшін астық жеткілікті. Орташа жылдық көлем мөлшерінде экспортқа да қалады», – дейді.Бұған дейін нан бағасы қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.