Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді
Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді
209
оқылды
Қарағанды облысының елді мекендерінде және жол­дарында су тасқынына байланысты күрделі жағ­дай жоқ. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 31 наурыз бен 4 сәуір аралы­ғында Төтенше жағдайлар де­пар­таментінің облыстық су тас­қынына қарсы штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 125 хабарлама, сондай-ақ авто­жолдарда су тасқыны бойынша 18 хабарлама келіп түсті. Облыстық ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов өңірлік комму­никациялар қызметінде өткен онлайн брифингте су тасқы­ны­ның салдарын жою шаралары туралы хабарлады. – Аулаларды су басудың бар­лық жағдайы бойынша суды сору және бұру, арықтар мен ка­налдарды тазарту, инертті ма­териалдарды төгу және қаптар төсеу бойынша жұмыстар жүр­гізілді. Су тасқыны басталғаннан бері 31 693 текше метр су со­ры­лып, 1 700 метр арық тазартылды. Су басу қаупінің 11 жағдайы ба­қылауда, оның тоғызы Қара­ғандыда және екеуі Бұқар жырау ауданында. Сондай-ақ автожолдар ар­қылы су тасқыны жедел жо­йы­лады. Облыс жолдарындағы екі учаске – Бүркітті – Егіндібұлақ – Қоянды және Теміртау – Қы­зылқайың (Чкалова – Берез­няки) басты назарда. Қоянды ауылынан 12 шақырым жерде көлік қозғалысы барлық көлік түрі үшін жабық. Құтқарушылар Нұра, Есен, Жарлы, Сабыр қожа, Жаманкөл өзендерінде және Қарасор кө­лінде 14 жарылыс жұмыстарын жүргізді. Ірі су қоймаларынан ағы­зу жалғасады. Су тасқынына қарсы күреске 250-ден астам адам және 106 бір­лік техника жұмылдырылды, – деді Мұрат Катпанов. Сонымен қатар құтқа­ру­шы­лар: «Болжам бойынша 4-11 сәуір аралығында облыстың бар­лық аумағында ауа темпера­турасы көтеріледі, ал 6-7 сәуірде жаңбыр жауады. Тұрғындар өз аумақтарында алдын алу ша­раларын жүргізуі керек. Арықтар мен аулаларды қардан тазарту керек» деп ескерту жасады . Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин тұр­ғындардан балаларға ерекше назар аударуды сұрады. – Барлық ата-анадан бала­лардың үйден шығуын, қар еруі аяқталғанға дейін қараусыз жү­руін шектеуді сұраймын. Олар­ға судың жанында ойнауға қатаң тыйым салу қажет. Қалада және барлық елді мекенде көп­теген арна бар, олардың мақсаты бойынша олар әрқашан ашық. Қазір олар суға толы, – деді Вадим Басин. Қазір облыстың барлық ау­да­нындағы су тасқыны қаупі бар 158 елді мекен бақылауға алынды.

Қарағанды облысы