Кәсіпкерлер мен шаруалардың, Жамбыл облысы әкімдігінің аммофос бағасын қатысты шағымының негізінде «Қазфосфат» ЖШС-ны монополияға қарсы тергеп, тексеру басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Аммофосты бастапқы сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау «Қазфосфат» ЖШС үстемдікке ие екенін көрсетті. 2021 жылғы қарашада аммофос бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге дейін өсті. Жыл басымен салыстырғанда 35%-ға қымбаттады. Биыл қаңтарда баға 185 625 теңге болды. 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 48,5%-ке қымбаттаған. Тауарды өндіру және сату үшін қажетті шығыстардың өзгеруі тауарды сату бағасының өзгеруіне сәйкес келмейді. Тексеру барысында «Қазфосфат» аммофосты жоғары бағада сатқаны анықталды. Тексеру жалғасып жатыр.