Президент Олжас Тулеуовті жаңа қызметке тағайындады

Президент Олжас Тулеуовті жаңа қызметке тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Аязбиұлы Тулеуов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Олжас Тулеуов 1990 жылы 7 қарашада дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебін, магистратура бітірген. Тағылымдама және біліктілікті арттыру курстары: Солбридж бизнес мектебі, Вусонг университеті, Корея Республикасы; Ресейдің Орталық банкі; Чехия мен Швейцарияның ұлттық банктері; Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО). 2012-2013 жылдары Қарағанды облысы Балқаш қалалық коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеді. 2013-2015 жылдары AERC-те бизнес-сараптамашы. 2015 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің зерттеулер және статистика департаментінде тәжірибеден өтіп, жетекші сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарды. 2018-2020 жылдары – AppliedEconomicResearchCentre (қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы) директорының орынбасары, басқарушы директоры. 2020 жылы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті. Ұлттық банктің магистратурасында және оқу орталығында, Назарбаев университетінің магистратурасында, ММУ-дің қазақстандық филиалында оқытушылық қызмет. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының мүшесі (02.2020 жылдан бастап).