Доллар бағамы 9 теңгеге төмендеді

Доллар бағамы 9 теңгеге төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да  төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,92 теңгеге төмендеп, 462,91 теңгеге тең болды. Айта кетейік, 5 сәуірдегі доллардың ресми бағамы - 472,76 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 462,35 теңге, ал сатылым - 467,13 теңге. Нұр-Сұлтанда валютаны орта есеппен 462,17 теңгеден сатып алады, 467,11 теңгеден сатады.