Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан тағы 11 адам ұсталды

Нұрболат АДЫРБЕК Нұрболат АДЫРБЕК
Сәуір 5, 2022
Қаңтар
542
қаралым

Алматы облысының полицейлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысқан 11 күдіктіні ұстады. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыстық ПД-ның берген мәліметінше, 20-39 жас аралығындағы күдіктілер облыстың әр ауданынан ұсталған. Олардан бұрын тәртіп сақшыларынан ұрланған атыс қарулары, арнайы қорғаныс құралдары мен оқ-дәрілер тәркіленді.

«Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктілерден екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, оқ-дәрілер, полицияның броньдары және құқық қорғау және қауіпсіздік шараларында қолданылатын арнайы техника табылды. Тәркіленген қару-жарақ пен мүлік бұрын қалалық және облыстық полиция ғимараттарына шабуыл жасау кезінде ұрланғаны анықталды», – дейді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

Қаңтар

Сондай-ақ осы операция кезінде бұған дейін де ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі болып келген Сарқан ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жеке тінту кезінде одан «Макаров» тапаншасы, оған арналған оқтар және гашишке ұқсас ерекше иісі бар, салмағы 210 грамм жасыл түсті заттың бір бумасы табылған.

Полиция ұсталғандардың қаңтар оқиғасына қатысқаны бейнежазба арқылы расталып отырғанын атап өтті. Белгілі болғандай, күдіктілердің облыс әкімдігі мен қалалық полиция ғимараттарын басып алуға қалай қатысқаны, сондай-ақ тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлерге күш қолданғаны бейнебақылау камераларында анық жазылып қалған.

Қаңтар

«Бүгінгі таңда басқа деректермен қатар, негізінен бейнежазбалардан алынған тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарды анықтау жалғасуда. Қамауға алу және бұлтартпау шарасын таңдау туралы барлық қаулылар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес прокуратурамен міндетті түрде келісе отырып және соттың санкциясымен қабылданған. Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» бойынша тергеу басталды. Жиналған материал дәлелдемелік заттармен бірге Арнайы прокуратура қызметкерлерінің қарауына жіберілді», – деп қорытындылады облыстық ПД-ның өкілдері.

Тегтер: қаңтар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады

Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған

Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»