Буча оқиғасы: қанға бөккен қалада азиялықтардың «ізі» бар ма?
Буча оқиғасы: қанға бөккен қалада азиялықтардың «ізі» бар ма?
Фото: REUTERS
Украина-Ресей қарулы қақтығысы салдарынан Киев облысындағы Буча қаласында қаза болған бейбіт тұрғындардың өлімі әлемдік деңгейде талқыланып жатыр. 2 сәуір күні кешке AFP, AP, Reuters ақпарат агенттіктері мен Украина билігі Буча көшесінде шашылып жатқан тұрғындардың мәйіттерінің суреттерін жариялады. Украина «Ресей оккупанттары қаладан құр кетпей бейбіт тұрғындарды қырып кетті» деп мәлімдеді. Ал ресейлік тарап Буча қаласынан тараған суреттерді «фейк» деп отыр. Ескерту! Суреттерде қан және басқа да зорлық белгілері бар. AFP, AP, Reuters ақпараттық агенттіктері таратқан суреттерден қала көшесінде шашылған мәйіттер, қираған қала, өртенген көліктер, үйлер мен танкілерді анық көруге болады. AFP агенттігінің тілшісі Бучада 20 адамның мәйітін көрген. 16 адамның мәйіті тротуарда, жол бойында және аулаларда жатқан, ал үш адамның денесін көшенің ортасынан, бір адамның мәйітін қираған үйдің жанынан байқаған. Қолы артына қайырылып байланған мәйіт пен қолына ақ мата байланған екі адамның денесін көрген. [caption id="attachment_190729" align="alignnone" width="1200"]Буча Фото: Reuters[/caption] Жергілікті тұрғындар Reuters тілшісіне «ресейлік әскерилер қолдарына ақ мата байлап жүруге мәжбүрлегенін» айтқан. Буча мэрі Федорук AFP тілшісіне тұрғындардың қолындағы ақ мата адамның қарусыз екенін білдіретінін айтты. Буча мэрі Анатолий Федорук 3 сәуірде AFP қызметкеріне «кемі 280 адамды бірге жерледік, қала көшесінде мәйіттер өте көп» деді. Оның сөзінше, қаза тапқандардың арасында ерлер, әйелдер, тіпті балалар да бар. Венедиктова Киев облысына Ресей әскерінің әрбір қылмысын тіркеу үшін тергеу тобы аттанғанын, Киев облысын жарылмай қалған мина, бомбалардан тазарту жұмыстары жүріп жатқанын айтты. «Бұл жерді тозаққа айналдырғандарды жазалау үшін мұның бәрін құжатқа тіркеу керек» – деді ол. [caption id="attachment_190734" align="alignnone" width="1200"]Буча Фото: AFP[/caption] Ал Украина бас прокуроры Ирина Венедиктова Киев облысынан 410 адамның мәйіті сот-медициналық экспертизаға жіберілгенін мәлімдеді. Венедиктова Киев облысына Ресей әскерінің әрбір қылмысын тіркеу үшін тергеу тобы аттанғанын, Киев облысын жарылмай қалған мина, бомбалардан тазарту жұмыстары жүріп жатқанын айтты. «Бұл жерді тозаққа айналдырғандарды жазалау үшін мұның бәрін құжатқа тіркеу керек» – деді ол. БУЧА ҚАЛАЙ ОҚИҒА ОШАҒЫНА АЙНАЛДЫ? Буча – Украинаның Киев облысындағы шағын қала. Украина билігінің 2020 жылғы мәліметінше, қалада 36 мыңнан астам тұрғын болған. Ресей Қорғаныс министрлігі Киев аумағы – ресейліктердің «арнайы әскери операция» өткізуді көздеген негізгі бағыттарының бірі болғанын мойындады. [caption id="attachment_190726" align="alignnone" width="1200"]Буча Фото: «Яндекс.Карты»[/caption] 25 ақпанда Буча аумағында алғаш рет «төтенше жағдай» жарияланды. Келесі күні Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы қалаға шабуыл жасау әрекеті басталғанын хабарлады. Қала аумағында үнемі шайқастар болып, Буча мен жақын маңдағы елді мекендерден бейбіт тұрғындарды автобуспен, теміржолмен және басқа да тәсілдермен эвакуациялай бастады. 1 сәуірде Ресей Қорғаныс министрлігіне тиесілі «Звезда» телеарнасы сарбаздардың Гостомель – Буча – Озера бағытындағы әскери әрекеттері туралы ақпарат жариялады. Сол күні кешке Буча қаласының мэрі Анатолий Федорук шаһарды  бақылау қайтарылғаны туралы видео жариялады. Келесі күні Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Facebook-те Буча ғана емес, бүкіл Киев облысы қайтарылғаны туралы жазды. ЗЕЛЕНСКИЙ: РЕСЕЙ МӘДЕНИЕТІ МЕН АДАМГЕРШІЛІГІ УКРАИНАЛЫҚТАРМЕН БІРГЕ ӨЛДІ Украина президенті Владимир Зеленский CBS телернасының эфирінде «Бұл – шын мәнінде геноцид, бір ұлтты, халықты тұтастай жою» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол видеоүндеуінде Ресейдің мәдениеті мен адамгершілігі украиналықтармен бірге өлді деді. Ол оқиға орнын өз көзімен көріп, көзіне жас алды. [caption id="attachment_190727" align="alignnone" width="1200"]Зеленский Фото: rbc.ru[/caption]
– Әрбір ресей әскерінің анасы Буча, Ирпень, Гостомельде өлтірілген бейбіт тұрғындардың мәйітін көрсе деймін. Олардың не жазығы бар? Көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан ер адамның не жазығы бар? Бейбіт қалада бейбіт тұрғындарды неге қинап, өлтірді? Әйелді зорлап, балалардың көзінше өлтірудің не керегі бар еді? Өлген адамды не үшін қорлады? Олардың мәйітін неге танкімен мыжыды?.. Ресей билігі де мұны көрсе деймін. Қандай бұйрық – сондай орындау, – деді Зеленский.
Украина президенті Кремль басшыларын өз әскерінің Бучада жасаған жауыздығын өз көзімен көруге шақырды. РЕСЕЙЛІК ТАРАП НЕ ДЕЙДІ? Ресей қорғаныс министрлігі 3 сәуірде оқиғаға қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады. Олар БАҚ-тың Буча қаласынан таратқан суреттері мен ақпараттарын «провакация», «қолдан жасалған айып», «фейк» деп атап, соңында «Киев режимінің батыстық БАҚ-қа арналған кезекті қойылымы» дегенді қоса айтты. Сондай-ақ ресейліктер өз әскерлері Буча қаласын бақылауда ұстап тұрғанда бірде-бір бейбіт тұрғын зардап шекпегенін, ешқандай зорлық-зомбылық болмағанын, есесіне украина әскері қаланың оңтүстік бөлігін күні бойы атқылағанын айтты.
– Біздің әскер 30 наурызда Бучадан шығып кетті. Ал жариялаған «қылмыстық» дәлелдері оқиға орнына араға төрт күн салып, Украина қауіпсіздік қызметі мен украиналық телеарналар келген соң пайда болды, – деді Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілдері.
Ресейлік телеарналар да Украинадағы  бұл жағдайды «қолдан жасалған қойылым» деп хабарлауда. Қазіргі таңда Ресей украиналық радикалдардың Буча қаласындағы қорқынышты провакациясына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізуді сұрап отыр. Бірақ БҰҰ Қауіпсіздік комитетіне төрағалық ететін Ұлыбритания Мәскеудің жиын өткізу туралы өтінішін мақұлдамады. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕАКЦИЯ БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш Бучадағы бейбіт тұрғындардың қазасына қатысты тәуелсіз тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тарту керек екенін айтты. Ал АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы әскери қылмысты халықаралық сотта тергеуге және Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялауға шақырды. Сондай-ақ ол Владимир Путиннің жауапкершілікке тартылуы керек екенін де атап өтті. Батыс елдері Бучадағы бейбіт тұрғындардың өліміне қатысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель, Германия канцлері Олаф Шольц, Ұлыбритания премьері Борис Джонсон мәлімдеді. Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей билігі бұл қылмысы үшін жауап беруі тиіс екенін айтты. Ал Молдова президенті Майя Санду оқиғаны адамзатқа қарсы қылмыс деп бағалап, өз елінде 4 сәуірді Украинада қайтыс болғандарды  аза тұту күні деп жариялады. Әлеуметтік желіде оқиға туралы хабарламалар #BuchaMassacre («Бучадағы қырғын») хештегі арқылы таралып жатыр. Оны Еуропалық Кеңес басшысы Чарльз Мишель де қолданды. P.S.: Әлеуметтік желіде Бучаға шабуыл жасаған полк құрамында якут, қазақ, бурят, хакас, қалмақ, тыва халықтарының өкілдері болған деген ақпарат тарауда. Бұл туралы саясаттанушы Самат Нұртаза Facebook парақшасында жариялады. Сондай-ақ Буча жеріндегі шабуылда Ресей әскерін басқарған Хабаровск әскери бөлімшесінің басшысы Азат Омурбеков есімді азамат болған деген де деректі әлеуметтік желі белсенділері өз парақшаларында таратып жатыр. Алайда бұл ресми ақпарат емес, - деді Самат Мұртаза. Қазір желі қолданушылары оның ұлтына қатысты «қазақ па, әлде қырғыз ба?» деп қызу талқылау жүргізуде.