Тараздық мұғалім оқушыларға Жириновскийдің партиясының атынан сыйлықтар таратқан

Тараздық мұғалім оқушыларға Жириновскийдің партиясының атынан сыйлықтар таратқан

Наурыз мерекесі қарсаңында тараздық мұғалім Жириновскийдің партиясының атынан сыйлықтар таратқан. Бұл туралы Экспресс-К сайты хабарлады. Оқиға Тараздағы № 13 мектепте болған екен. Мерекеге орай ұстаз сыныптағы оқушыларға Владимир Жириновскийдің суреті бар дәптерлер мен Ресейдің “ЛДПР” партиясының аты жазылған ертегілер кітабын сыйлаған. Сондай-ақ, балаларға саяси партияның құттықтауы жазылған тәттілер де ұсынылған екен. Ата-аналар мұғалімнің бұл әрекетін түсінбей отыр. – Сыйлықтың суретін ағам түсіріп жіберді. Алғашында біз мән берген жоқпыз. Енді неге дәл осындай сыйлықтар берілгенін білгіміз келеді, – дейді Ақбота есімді Тараздың тұрғыны.