Алты өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алты өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміздің 6 өңірінде дауылды ескерту жариялады. 6 сәуірде түнде Ақтөбе облысының батысы мен орталығында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 6-7 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Қарағанды облысында солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ойыса ұйытқиды. Қызылорда облысының шығысында найзағай жарқылдайды деп күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз өңірдің орталығында 15-20 м/с-ға жетеді.