Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағына сәйкес ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың 7 қарашасында Екібастұз қаласында айыпталушы пәтерде ерекше қатыгездікпен 265 пышақ жарақатын салып, ер адамды өлтіргенін хабарлайды.
Прокурор сотталушыны кінәлі деп таныды және 17 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеуді сұрады. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, соттан оның әрекетін ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігіне қайта ауыстыруды, яғни ерекше қатыгездік белгісін алып тастауды сұрады. Іс бойынша жәбірленушілер мемлекеттік айыптаушыны толық қолдап, жазаны неғұрлым қатаңдатуды сұрады, сондай-ақ арыз талаптарын толығымен қанағаттандыруды сұрады, - деп жазылған хабарламада.Ер адамның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, өзінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, қылмыс жасаған адамның қасында кәмелетке толмаған баланың болуын, кінәсін ішінара мойындауын және ауырлататын мән-жайды, алкогольдік масаң күйде болғанын ескере отырып, қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде мерзімін өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.