Облыс спортының проблемалары талқыланды
Облыс спортының проблемалары талқыланды
136
оқылды
«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко мәслихат жанындағы Жастарды қолдау және спортты дамыту жөніндегі комис­сияның жұмысына қатысып, комиссия мүшелерімен бірге оның екінші тоқсандағы жұмыс жоспарын айқындады. Павлодар облысының шаңғы жарысы бойынша аға жаттық­тырушысы Александр Курсаков комиссия отырысында шаңғы спор­тының проблемаларымен бөлісті. Ол облыста спортшылар үшін осы спорт түрімен айналысуға лайықты жағдай жасалмағанын айтты. «Спортты дамыту бойынша инфрақұрылымның болмауы, спортшылар үшін лайықты шаңғы базасының, спорттық жиындар өтетін ғимараттың болмауы өңірде шаңғының дамуына кедергі келтіріп отыр»,– деді Александр Курсаков. Комиссия мүшелері көтерілген мәселелерді жақын арада өтетін комиссияның кеңейтілген отырысында қарастыратын болады. Сондай-ақ комиссия мүшелері туризмнің облыстағы жағдайын және ауылдарда спортпен айналысушылар санын көбейту жайын жан-жақты талқылады.