Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Белгілі журналистің кітабы жарық көрді

Нұрболат АДЫРБЕК Нұрболат АДЫРБЕК
Сәуір 6, 2022
Белгілі журналистің кітабы жарық көрді 1
437
қаралым

Бүгін Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында белгілі журналист, жазушы, Мәдениет саласының үздігі Назым Дүтбаеваның «Ізгілік тамшысы» атты тұңғыш жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітап «Аспан» баспасынан жарық көрген. Жинаққа автордың 20 жылға жуық уақытта жазған дүниелерінің ішінен өз елегінен өткен шағын әңгімелері, мәдениет тақырыбына арналған мақалалары мен сұхбаттары енген.

Тұсаукесер шарасына Назымның журналистика, әдебиеттегі аға-әпкелерімен бірге қатарлас әріптестері мен студент жастар қатысты. Кітаптың тұсауын белгілі жазушылар Заря Жұманова мен Сәуле Досжанова кесті.

Ізгі тілек білдіргендердің ішінде белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы да болды.
«Жалпы қазіргі кезде біздер жазған немесе бізден кейінгілер жазып жатқан дүниелер болашақта оқыла ма? Тіпті «осы күнгі классик деп танылған адамдардың өзінің шығармаларының ертеңгі тағдыры қалай болады?» деген нәрселер мені қатты алаңдатады. Мен бүгін Назымның кітабын көріп қатты қуанып отырмын. Қуантатыны сол кітап ішіндегі дүниелерде қандай да бір із бар сияқты», – деді жазушы Жұмабай Шаштайұлы.

Жаңа кітаптың шығуына генерал- полковник, заңгер Сәт Тоқпақбаев пен жұбайы жазушы Сәуле Досжанова демеушілік етіпті.

                                                                                                                                               Алматы

Тегтер: ЖаңалықтаржурналистІзгілік тамшысыНазым Дүтбаева

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді

Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»