Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс спикері: қоғамда қордаланған мәселелерді шешуде жедел әрекет ету қажет

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Сәуір 6, 2022
Мәжіліс
306
қаралым

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары барысында тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдады.

Осы орайда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған бірқатар Үкімет мүшесі арнайы келді.

Отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы  депутаттардың  өңірлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуын күшейту жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

Мәжіліс

– Депутаттар ақпан айында еліміздің барлық өңіріне барып, сайлаушылармен мазмұнды кездесулер өткізді. Онда тұрғындар тарапынан бірқатар проблемалар көтеріліп, өтініштер қабылданды. Соның бәрін жинақтап, бір ай бұрын Үкіметке жолдаған болатынбыз. Міне, бүгін осы мәселелердің шешілуі туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдайын деп отырмыз, – деді Ерлан Қошанов.

Депутаттар еліміздің барлық өңіріне барып, сайлаушылармен 1600-ге жуық кездесу өткізді. Олар түрлі әлеуметтік нысандарда, кәсіпорындар мен базарларда, шалғай елді мекендерде болып, еңбек ұжымдарының  проблемаларымен танысты. Барлығы мыңнан астам мәселе жинақталып, Үкіметке жіберілді. Соның ішінде азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қымбаттауы, ауыз сумен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мектеп құрылысы, жол жөндеу, интернет сапасын жақсарту мәселелері бар.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, проблемалардың бәрі нақты әрі жүйелі түрде шешілуге тиіс. Олар депутаттардың жіті бақылауында болады.

  • Әрбір мәселенің артында адамдардың тұрмысы мен тағдыры тұр. Осыны әр депутат, министр мен жергілікті билік өкілдері терең түсінуге тиіс. Қазір еліміз үлкен өзгерістердің алдында тұр. Президент ірі саяси реформалар жариялады. Ол реформалар қарқынды жүзеге аса бастады. Ал біз – Парламент, Үкімет, жергілікті билік, бәріміз бір кісідей жұмылып, қоғамда қордаланған мәселелерді шешуде жедел әрекет етуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда біз Мемлекет басшысының қарқынына ілесе білуіміз керек, – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ Палата спикері Парламент пен Үкіметтің мәселелерді шешу бойынша жаңа форматтағы жұмысы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын айтты.

Тегтер: Ерлан ҚошановЖаңалықтарМәжіліс

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады

Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған

Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»