Гуманитарлық көмек: бергенімізден алғанымыз көп
Гуманитарлық көмек: бергенімізден алғанымыз көп
484
оқылды
Гуманитарлық көмек мәселесі кейінгі жылдары өзекті тақырыпқа айналды. Жақында ғана Қазақстан Республикасы қарулы қақтығыс салдарынан зардап шеккен Украинаға қолдау көрсету мақсатында гуманитарлық көмек жіберді. Осы орайда Қазақстан гуманитарлық тұрғыда кімдерге көмек көрсетіп және кімдерден көмек алғанын анықтап көрдік. Биыл 14-15 наурызда Қазақстан Украинаға екі рейспен гуманитарлық көмек жіберді. Жүктің жалпы салмағы 28,2 мың тоннаны құрады. Дәрі-дәрмектің 17 түрі жіберілді, оның ішінде антибиотиктер, қабыну мен жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар бар. Бұрын бұл бағытта Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмек жүргізілмеген. 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан екі мемлекеттен гуманитарлық көмек алған. Германиядан құны 3,5 мың АҚШ долларын құрайтын тауар жеткізілсе, АҚШ-тан жалпы көлемі 296 АҚШ доллары болатын киім мен аяқ киім жеткізілген.
Салыстырмалы  түрде айтатын болсақ, былтыр қаңтар айында Қазақстан шетелге гуманитарлық көмек жібермеген. Ал алған көмек көлемі 1,6 млн АҚШ долларын құраған. Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмектің негізгі көлемі азық-түлік пен киім және аяқ киім тауары болды. Ал елімізге көрсетілген гуманитарлық көмектің ең үлкен көлемін дәрі-дәрмек (4,4 млн АҚШ доллары) құрады. Киім мен аяқ киім екінші орында (4,3 млн АҚШ доллары). 2021 жылы Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік тауарларын алмаған.