Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетті  
Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетті  
Мәжіліс депутаттары, AMANAT фракциясының мүшелері  Аманғали Бердалин мен Ғалымжан Елеуов іссапармен Ақтөбе облысында болып, тасқын судан зардап шеккен жерлердің және тұрғындардың жағдайымен танысты. Мәжіліс депутаттары азаматтарды мектеп ішінде уақытша ашылған эвакуациялық пунктте қабылдады.
– Біз Ақтөбе өңіріндегі жағдайды өз көзімізбен көріп, зардап шеккен тұрғындармен кездесу үшін елордадан арнайы келдік. Жергілікті атқарушы органдармен үнемі байланыстамыз. Зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек көрсетіледі. Бұл жағдай Мәжіліс депутаттарының жіті бақылауында болады, – деді А.Бердалин.
 width= Сондай-ақ, депутаттар өз атынан жүк көлігімен азық-түлік, балалар тамағы, киім-кешек және дәрі-дәрмек сынды аса қажетті керек-жарақтар бойынша гуманитарлық көмек жеткізді. Орын алған жағдайға байланысты халықты сабырға шақыра отырып, Үкімет, жергілікті билік өкілдері бірлесіп, тиісті шаралар қолға алатынын айтты. Депутаттар Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймаларында болып, тасқын шайып кеткен нысандарды аралап, қалпына келтіру, алдын-алу мәселелерін талқылады. Халық қалаулыларына берілген алдын-ала ақпаратқа сүйенсек,  су тасқыны басталған мерзім ішінде Ақтөбе облысы бойынша барлығы 119 үйді су басқан. Сонің ішінде 41 тұрғын үй,  78 саяжай. 300-ден астам адам апаттан құтқарылып, қауіпсіз жерлерге көшірілді.