Доллар бағамы тағы да арзандап жатыр

Доллар бағамы тағы да арзандап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта доллар бағамы арзандады. Күндізгі саудада доллар бағамы 3,99 теңгеге арзандады. Нәтижесінде, 1 доллар 458,87 теңге болды. Ұлттық банктің бүгінге бекіткен ресми бағамы – 1 долларға 462,22 теңге. Алматыда доллар 461,15 теңгеге сатылып жатыр. Сатып алу – 464,41 теңге. Астанада 460,80 - 464, 26 теңге аралығында саудаланып жатыр.