Қуанышбек Үштаев жаңа қызметке тағайындалды
Қуанышбек Үштаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: inbusiness.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.