Астанада жылыту маусымы қашан аяқталады?
Астанада жылыту маусымы қашан аяқталады?
Фото: 31tv.ru
341
оқылды

Астанада жылу беру маусымы ауа температурасы +10°С-ға жеткенде аяқталады.

«Нұр-Сұлтан қаласында жылу маусымына дайындық және жыл беру туралы ереженің 42-тармағына сәйкес ауа температурасы +10°С және одан жоғары болған кезде күнтізбелік бес күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары жылу маусымын тоқтату туралы шешім қабылдайды» делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Жылыту маусымының аяқталуы туралы хабарлама алдын ала 3 күн бұрын БАҚ-та жарияланады.