Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Білім

«Тек Өзбекстаннан оздық» – Қазақстандағы білім беру деңгейі орташадан төмен

Дария Берікқызы Дария Берікқызы
Сәуір 7, 2022
Фото: Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz

218
қаралым

78 мемлекет қатысқан US News & World Report білім беру бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан 71-ші орынға тұрақтады.

Сарапшылардың пікірінше, рейтинг көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия болды. Ең соңғы орыннан Гватемала елі көрінді.

Рейтингке қатысқан ТМД елдерінің ішінде Қазақстан тек Өзбекстанды басып озды. Ресей, Украина, Беларусь және Әзербайжан мемлекеттері Қазақстанға қарағанда алдыңғы орындарға жайғасты.

2018 жылғы PISA халықаралық зерттеуінің нәтижесі ҚР оқушыларының үлгерімі 2012 жылмен салыстырғанда төмендегенін көрсеткен. Зерттеу қорытындысы қазақстандық білім алушылардың үштен екісі функционалды тұрғыда сауатсыз екенін көрсеткен.

*PISA (Programme for International Student Assessment) – бұл Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы. 2000 жылдан бері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ұйымдастырып келеді. Онда әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы тексеріліп, бағаланады.

ҚР БҒМ
Aikyn.kz ЭЫДҰ деректері негізінде (PISA есебі)

Сондай-ақ PISA зерттеуін ұйымдастырушылар Қазақстаннан жоғары нәтиже күткендерін айтқан. Себебі, елдегі білім саласына бөлінетін қаржы көлемі Молдова, Румыния, Украина сияқты Қазақстанды рейтингте басып озған елдерге қарағанда әлдеқайда көп. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолданысқа енгізген шаралары мен жұмыстарын іске асыру тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Елімізде білім беру саласын жақсарту мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Алайда олардың нәтижесі көңіл көншітпейді.

Қазіргі таңда білім беру саласындағы мәселелерді шешуге тек БҒМ ғана жауапты емес деген пікір қалыптасуда. Мемлекет басшысы да өз сөзінде білім беру мәселелері әкімдіктер мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың бақылауында болуы керек екенін жиі айтып жүр.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін халықтың білімді болуына жағдай жасау, сапалы білім алуға қолжетімділікті арттыру бүгінгі күні сөзсіз басымдық болуы керек екенін айтқан болатын. Президенттің сөзінше, білімді, бәсекеге қабілетті азаматтардың лайықты өмір сүру мүмкіндігі жоғары.

Тегтер: PisaUS News & World Reportбілі беруҚазақстан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді

Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»