Алматыда дәрігер отаны баланың оң көзіне жасаудың орнына, сол көзіне жасаған
Алматыда дәрігер отаны баланың оң көзіне жасаудың орнына, сол көзіне жасаған
Фото Айдын Тоқсанбаеваның Instagram парақшасынан
Алматылық блогер Тоқсанбаева Айдын баласының көзіне ота жасау кезінде дәрігерлер салғырттық танытқанын айтты. Мамандар науқас баланың оң көзіне жасалуы қажет отаны сол көзіне жасаған. Анасы дәрігерлердің жауапсыздығынан баласы мүгедек бола жаздағанын айтты. 4 жастағы Асылжанның оң көзінде киста болған. Диагнозды дәрігерлер өздері қойған. Бірақ олар отаны баланың сол көзіне жасап тастаған. Айдын Тоқсанбаева ұлының диагнозы жайлы өткен білісімен қаладағы шұғыл медициналық жәрдем орталығына келіп, баласын дәрігерлерге көрсеткен. Олар Асылжанның оң көзінде киста барын айтқан. Ота жасап, алып тастауға болады деген.
«Тоғызда алып кетті де артынша алып келді. Қасымда медбикелер тұр. Балам қатты айқайлады, аяғымен жерді тепкілеп, басын ұрып жатыр. Бір қарасам бір нәрсе дұрыс емес сияқты. Сосын басқа көзіне ота жасағанын түсіндім. Ішімнен оң қол қайсы еді, сол қол қайсы еді деп есім шықты», - дейді  Айдын Тоқсанбаева.
Ауылдық емес, үлкен қаладағы аурухана. Енді осы жағдайдан кейін дәрігерлерге қалай сенеміз дейді, ашынған ана.
«Мен неге сол көзіне жасалды оң көзі ғой дедім. Сөйтсем маған Медет Абдиханиев сол көзі ғой дұрыс қой деді. Өзі направление беріп, оң көзі деп тұрған адам ота кезінде сол көзін жасай салды», - дейді баланың анасы.
Ал ақ халаттылар өздерін ақтап әлек. Бас дәрігердің орынбасары ота кезінде өзгерістер болғанын айтты. Олардың сөзінше баланың оң көзінде болған киста, операция кезінде сол көзіне ауысқан дейді.
«Балаға оң жақ қабағының халазилоны деген диагноз қойылды. Бүгін таңертең бала отаға алынды. Ота кезінде оң жағындағы халазионнның орны жазылып, өзінен өзі жазылып кетті.  Кейін ота жасаушы дәрігерлер сол жақ жоғарғы қабағын қарап, халазионды тауып, отамен алып тастады», - деді Алматы қалалық балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов.