Телефон арқылы сөйлесті
Телефон арқылы сөйлесті
170
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Рес­пуб­­ликасы Президенті Садыр Жапаров­пен теле­фон арқылы сөйлесті. Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғыз Республикасына жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады. Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.