Қазақ зиялыларының есімі берілді
Қазақ зиялыларының есімі берілді
1,233
оқылды
Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасов және Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Солтүстік Қазақстан облысындағы үш орта мектеп пен бір спорт мектебіне осы қазақ зиялыларының аты беріл­ді. Үкіметтің 6 сәуірдегі қаулысына сәйкес, енді Петропавлдағы №25 орта мектеп Әлихан Бөкейханұлының, №9 орта мектеп Ахмет Байтұрсынұлының, №2 орта мектеп Смағұл Сәдуақасовтың есімімен аталады. Ал ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімі берілді. «Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады. Наурыз айында облыстық ономастикалық комиссияда өңірдің белгілі тұлғаларының есімін беру бойынша ұсыныс қаралған. Ол бірауыздан қолдау тапты. Қазір құжаттар республикалық ономастикалық комиссияға жолданды. Айтып өтсек, мәдениет және білім нысандарына – Жамбыл ауданындағы кітапханаға Сафуан Шәймерденов­тің, Шал ақын ауданындағы Сергеевка орта мектебіне Кәкімбек Салықовтың, Қызылжар ауданы Новоникольск ауылындағы мектепке Геннадий Зенченконың есімін беру ұсынысы жолданды», – дейді СҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі бас­қар­масының басшысы Досбол Әбдірисов.

Н.ОРАЗ