Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Бейбіт келісімдер туралы конвенцияны ратификациялады

Ж.НҰРЛАН Ж.НҰРЛАН
Сәуір 8, 2022
ратификация Сенат
27
қаралым

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.

Бұл конвенция халықаралық коммерциялық келісімдерді сақтау кепілдіктерін күшейтуге арналған. Сондай-ақ оның ұлттық заңнамасына сәйкес басқа юрисдикцияда медиация арқылы қол жеткізілген келісімдерді тану мен орындаудың қолжетімді жүйесін құруды көздейді.

«Конвенция оған мүше мемлекеттерде коммерциялық даулар кезінде медиация арқылы қол жеткізілген келісімдерді орындау үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Қазір медиация коммерциялық дауларды реттеудің баламалы және тиімді құралы болып отыр. Соған сәйкес, осы конвенция бизнеске және инвесторларға медиациялық келісімдердің өзге мемлекеттерде орындалуына қосымша кепілдік береді», – деді Мәулен Әшімбаев өз пікірінде.

Сонымен қатар отырыс барысында сенаторлар депутаттық сауалдарын да жолдады.

Нұрлан Бекенов мемлекеттің сыртқы қарыздарының өсуіне және олардың тиімсіз пайдаланылуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Ольга Булавкина Үкіметті Шығыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру мерзімін жеделдетуге шақырды.

Жол мәселесіне назар аударған Нариман Төреғалиев те Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтты.

Сергей Ершов еліміздегі көктемгі су тасқынына байланысты туындаған проблемаларды көтерді.

Ал Андрей Лукин лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарастыруды сұрады. Сенатордың айтуынша, олардың кесірінен бизнеске қарсы 8 745 әкімшілік іс заңсыз қозғалған.

Тегтер: бейбіт келісімдерзаңпалата отырысыратификацияСенат

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көшірме шоулар көбейді

Мобильді қабылдауда маңызды мәселелер айтылды

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Балаларға базарлық

Ауызбірлік пен патриотизм үшін керемет мотивация

Үйі жоқтың күйі жоқ екені рас

Президент Путинмен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»