Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Шыңғыс хан туралы жаңа еңбек

Көктем ҚАРҚЫН Көктем ҚАРҚЫН
Сәуір 8, 2022
жаңа еңбек
37
қаралым

Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саяси ғылымдар докторы, профессор Ержан Исақұловтың «Шыңғыс хан», белгілі шығыстанушылар Зәріпбай Оразбай мен Мұхаммедзафар Оразбаевтың «Ұлы түрк тарихы» атты зерттеу кітаптарының тұсаукесері өтті. Жиынға елімізге белгілі тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кітапта XV және XVI ғасырларда парсы тілінде жазылған Шараф ад-дин Али Йаздидің «Зафар Нама» және Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармаларынан түркі тайпаларының пайда болу уақыты туралы жаңа мәліметтер келтірілген. Сондай-ақ ұлы ханның шежіресі, туған жері туралы зерттеулер, ғалымдардың топографиялық жазбалары және Шыңғыс хан мен оның жақындарының жерленген орны секілді өзге де мәліметтер көрсетілген. Ержан Исақұловтың айтуынша, «Шыңғыс хан» кітабы 560 беттен тұрады. Оқырмандар кітапты Алматыдағы Қазына кітап дүкенінен ала алады.

– Кітапта тың деректер айтылды. Осы күнге дейін біз Шыңғыс ханды моңғол деп келдік. Олай емес. Шыңғысхан қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінің бойында дүниеге келген. Оның ордасы да, ұрпақтары да сол жерде болған. Бұған дейінгі деректерде Шыңғыс ханды орысша аударғанда моңғол деп бұрмалап жіберген. Негізі тарихта моңғол деген ұлт жоқ. Моңғолияда тұратын халықты «қалқа» деп атайды, – деді автор.

Ал Зәріпбай Оразбай мен Мұхаммедзафар Оразбаевтың «Ұлы түрк тарихы» кітабы адам баласы жаратылғаннан бастап ұлы далада өмір сүрген түрк тайпаларының түрлі тармаққа бөлініп, олардың ішінен қазақ халқын құратын рулардың пайда болуы мен кейінгі тарихы жайлы. Бұл кітапта да авторлар Шыңғыс хан мен ұлдарының әлем елдерін жаулап алып, олардың ұрпақтарының сол елдерді бірнеше ғасырлар бойы билегені, әлем халықтарының экономикасы мен мәдениетіне жасаған ықпалы туралы жазған. Айта кету керек, бұған дейін түрк тайпалары мен олардан шыққан қазақ халқының көне дәуірлері, орта ғасырлардағы тарихы толығымен қамтылып, қазақша жазылған еңбек болған емес. Кітапта қазақтан шыққан 200-ден астам даңқты қолбасшы батырлардың аттары аталып, тарихы берілген.

– Бұл еңбек ұрпақтарымыз өз ататегін білсін деген мақсатта жазылған. Кітапта ру-тайпалардың шежіресі, олардың өмір салты, әдет-ғұрпы, діні, түр әлпетінің көрінісі және қазір ұмыт болған көне түркі сөздерінің айтылуы мен мағыналары туралы құнды мәліметтер бар. Бұл еңбек әлемдік деңгейде бағасын алуы тиіс, – деп қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков алғысөз жазыпты.

Тұсаукесерге жиылған зиялықауымының пікірінше, қос кітап – қазақ тарихына қосылған үлкен олжа.

Тегтер: жаңа еңбеккітаптұсаукесерШыңғыс хан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді

Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»