Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Бір вагон кен Ертіске төгілген

Азамат ҚАСЫМ Азамат ҚАСЫМ
Сәуір 8, 2022
вагон
27
қаралым

Шығыс Қазақстанда жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетіп, алтауының Ертіс өзеніне құлағаны хабарланған еді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ оқыс оқиғаның 3 сәуір күні сағат 12.04-те Алтай ауданындағы «Өскемен-Күмістау» теміржол учаскесінде болғанын, 18 вагонның біреуі Ресейге тиесілі кен тиелген вагон, мыс қожын тиеген қалған вагондар «КазцинкТемірТранс» ЖШС-ның меншігінде екенін мәлімдеген-ді. «Пойыз 37 шақырым сағат жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Көлік және жүк пойыздарының қозғалысына кедергі келген жоқ. Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды», – делінген еді акционерлік қоғамның таратқан мәліметінде.

Жұртшылық оқыс оқиға кезінде адамдардың аман қалғанына қуанғанымен, «Ертіс өзеніне құлаған вагондардан суға төгілген дүниелер қоршаған ортаға зиянын тигізбей ме?» деп өз алаңдаушылықтарын білдірген еді. Табиғат жанашырларының сөзіне сенсек, өзенге айтарлықтай зиян келмеген. Облыстық Экология департаментінің мамандары сол күні дереу оқиға орнына барып, судан сынама алған болатын. «Белгілі болғандай, Өскеменнен Алтай стансасына бағыт алған пойыз Күмістау теміржол көпіріне жете бергенде вагондар рельстен шығып кеткен. Бір вагон кен мен бес вагон қож Ертіске төгілген. Шығарынды қожды кеншілер инертті материал ретінде шахтадағы үңгіген орындарды жабу үшін немесе құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Департамент мамандары судан сынама алды. Сынама судың химиялық құрамын «ауыр металдарға» тексерді. Оның ішінде мыс, қорғасын, мырыш бар. Вагондар құлаған тұстағы су сынамасында мырыштың шекті рұқсат етілген концентрациясы 1,3 есе артқан. Сәл төменгі ағыстан алынған сынамада шекті мөлшерден 1,5 есе көп. Сондай-ақ мыс концентрациясының 1,3 есеге жоғарылауы байқалды. Алдағы уақытта суға төгілген қожды шығару жұмыстары жүргізіледі. Бірақ оқиға болған жерге техниканың жетуі қиындық туғызуда», – дейді облыстық Экология департаментінің бастығы Данияр Әлиев.

Енді тексеру шаралары аяқталғанға дейін Экология департаменті «Қазгидрометтің» Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп, апта сайын Ертіс өзенінің аталған аумағында судың құрамын тексеріп отырмақ. Сонымен қатар облыстық Көлік прокуратурасының талабы бойынша «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ «Семей бөлімшесіне» қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер: вагонЕртісжүк пойызыкенрельстен шықты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мақұл

Дуылдап қыши береді...

Төбелескіш тергеушілер

Ұялмайтын ұрылар

Үлкен кісі келе жатыр!

Жыртық теңге

Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»