Азаматтар несие тарихына қатысты ақпаратпен келіспесе, шағымдана алады
Азаматтар несие тарихына қатысты ақпаратпен келіспесе, шағымдана алады
Фото: odengah.com
154
оқылды
Азаматтар несие тарихындағы ақпаратқа қатысты шағымдана алады. Бірінші кредиттік бюро онлайн режимде осындай тегін қызмет ұсынды, – деп хабарлайды 24.kz. Егер несие есебіне қатысты қандай да бір ақпаратпен келіспесе, оны  жоққа шығаратын өтініш жасауға құқы бар. Бірінші кредиттік бюро өтінішті қарастырып, бұл деректерді ұсынған ақпарат жеткізушісіне сұрату жібереді. Әрі қарай бәрі жан-жақты тексеріледі. Несие тарихындағы ақпаратты даулау үшін кемінде 15 күн бұрын алынған несие туралы нақты есеп және мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріңіз болу қажет.