Полиция департаменті бастығының орынбасары қазына қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды
Полиция департаменті бастығының орынбасары қазына қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды
Фото: yandex.kz
137
оқылды
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады. Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді» делінген хабарламада.
Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін Павлодар облысы Полиция департаментінен Мәсімов басшылық қызметтен кетіп, орнына Скляр келгенін жазған болатынбыз.