Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
181
оқылды
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA титулына ие Риота Мурата (16-2, 13 KO) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қос боксшы да орта салмақ лимитін орындады – 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі. Салмақ өлшеу рәсімінде ұйымдастырушылар Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, оған тосынсый жасады. Қазақстандық танымал боксшы «Arigato ありがとう Thank you! Рақмет! Спасибо!», – деп жауап берді.