Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, ауа райы күрт құбылуы мүмкін.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, солтүстік-батыста қар жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кейде найзағай мен нөсер жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандары ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман, жел күшейеді.