Кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгін, 8 сәуірде 40 жасқа толды. Геннадийді туған күнімен көптеген танымал тұлғалар мен жанкүйерлері құттықтап жатыр. Тіпті, боксшыны туған күнімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтап, жеделхат жолдаған.
Өз кезегінде GGG барлық оқырмандарына алғыс айтып, желіде «Қазақтың арнайы диетасы. Ал енді өзіміз отырып шай ішейік», – деген жазба қалдырды. Сонымен қатар Геннадий Головкин Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сыңары Максиммен бірге отырған суретін жариялаған.
Кадрдан дастархан басында қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ пен «туған күндеріңмен» деген жазуы бар торттың тұрғанын байқауға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ертең, 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді.