Павлодарда дәрігерлер сәбидің қабырғасын сындырып алды
Павлодарда дәрігерлер сәбидің қабырғасын сындырып алды
©qostanay.tv
146
оқылды
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері жедел жәрдем көлігінде бір жасар сәбидің қабырғасы сынып, басымен құлаған жағдайдың мән-жайын айтты. "103" желісіне қоңырау 6 сәуірде сағат 21.05-те түсті. Оған бірінші санатты жеделдік тағайындалып, жақын маңдағы медициналық бригада жіберілді. Сағат 21.07-де медицина қызметкерлері орнында болған. Сол кезде кішкентай науқастың тынысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайына түскен. Педиатриялық бригада дәрігері кеудеге компрессия жасай бастады. Мұндай жағдайда қабырғаның зақымдалуы, әсіресе жас балаларда әбден мүмкін. Дәрігерлер сағат 21.33-те баланы ауруханаға жатқызу кезінде кеуде аймағының сынуы мүмкін екенін хабарлады", – деп түсіндірді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері. Сондай-ақ, нәресте неге құлап қалғаны айтылған. "Науқасты ауруханаға жеткізген кезде оны зембілге байламаған, себебі нәресте кез келген сәтте тыныс ала алмай қалуы мүмкін және оған реанимация қажет болады. Медициналық топтың айтуынша, бұрылыстардың бірінде бала зембілден құлап кеткенде дәрігер мен анасы ұстап үлгерген", – деді жедел жәрдем станциясының дәрігерлері. Еске салайық, оқиға туралы павлодарлық әйел Instagram-да жазған болатын. Дәрігерлер келгенше нәресте бірнеше мәрте есінен танып қалған. Әйел дәрігерлердің тез жеткенін, алайда алғашқы көмек көрсетуге дайын болмағанын айтқан.