«30-дан астам адам қаза тапты» – Краматорск вокзалына зымыран түсті
«30-дан астам адам қаза тапты» – Краматорск вокзалына зымыран түсті
©bbc.com
355
оқылды
8 сәуір күні Украинаның Донецк облысындағы Краматорск қаласының теміржол вокзалына зымыранмен шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтерге сәйкес кемі 30 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Оқиға кезінде вокзал аумағында мыңнан астам адам болған. Украина билігі бұған дейін Луганск және Донецк облыстарының тұрғындарына Ресей әскерлерінің ірі шабуылына дейін мүмкіндігінше тезірек қаладан кету керегін ескерткен. Краматорскідегі оқиға осыған байланысты болуы мүмкін деп болжануда. Ресей Қорғаныс министрлігі зымыран шабуылына Ресейдің қатысы жоқ деп мәлімдеді. [caption id="attachment_191247" align="alignnone" width="1200"]Краматорск bbc.com[/caption] Теміржол Telegram арнасында жарияланған суреттер мен видеоларда қанға бөгіп, шашылып жатқан мәйіттерді көруге болады. «Бұл теміржол инфрақұрылымына және Краматорск қаласының тұрғындарына бағытталған соққы», – деп жазды Укрзализниця. Өлгендердің арасында балалар да бар. Украина Ұлттық полициясының мәліметінше, зымыран күту залына бағытталған. Ол жерде эвакуация пойызын күткен жүздеген адам болған. Атыс фактісі бойынша қылмыстық іс басталды. «Қазір оқиға орнында полицейлер, құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Өлгендер туралы деректер белгілі болды, олардың арасында балалар бар. Мұқтаж жандардың бәріне көмек көрсетіледі», – делінген Ұлттық полиция хабарламасында. Донецк облысының губернаторы Павел Кириленко Telegram-да станцияға ресейлік «Искандер» зымыранынан соққы жасалғанын жазды. Кейінірек ол оның «Точка-У» зымыраны екенін айтты. [caption id="attachment_191246" align="alignnone" width="1200"]Краматорск bbc.com[/caption] «Точка-У» зымыранымен шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты Владимир Зеленский де растады. «Ресейлік атқыштардың әдісі белгілі. Олар ұрыс алаңында бізге қарсы батылдық таныта алмағандықтан бейбіт тұрғындарды аяусыз жоюда», – деп жазды Украина президенті. Ресей Қорғаныс министрлігі Краматорскіге шабуыл жасамағанын мәлімдеді. Өзін-өзі тәуелсіз деп таныған ДХР оқиғаны провокация деп атады. Ресейліктер «Точка-У» зымырандарын тек Украинаның Қарулы Күштері қолданады деп мәлімдеме жасады. Сондай-ақ министрлік қызметкерлері Ресей армиясы Краматорскіде атыс ұйымдастыруды жоспарламағанын және Украина тарапынан берілген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.