Бес қазақ боксшысы Thailand Open турнирінің финалына шықты
Бес қазақ боксшысы Thailand Open турнирінің финалына шықты
145
оқылды
Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды. Айта кетсек, ел құрамасынан финалға Серік Теміржанов (57 келі), Сұлтан Мусинов (63 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Айбек Оралбай (91 келі) шықты. Олардың 9 сәуірде өтетін финалдағы қарсыластары мыналар: 57 келі. Серік Теміржанов пен Ян Кларк Баутиста (Филиппин) 63 келі. Сұлтан Мусинов пен Сомчай Вонгсуван (Таиланд) 69 келі. Асланбек Шымбергенов пен Бунджонг Синсири (Таиланд) 81 келі. Нұрбек Оралбай мен Ашиш Кумар (Үндістан) 91 келі. Айбек Оралбай мен Джаккапонг Йомхот (Таиланд).